Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасы базасындағы AlgaBioTech Қазақ-Жапон-Қытай халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы – микробалдырлар мен цианобактериялардың биотехнологиялық әлеуетін зерттеп, қолданбалы зерттеулер жүргізуге бағытталған жетекші ғылыми орталық.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзекті жаһандық сын-қатерлерді шешу үшін халықаралық ынтымақтастық орната отырып, Орталық Азиядағы жетекші ғылыми-зерттеу орталығы ретіндегі позициясын нығайтуда.
2024 жылдың 20 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті базасында Қазақ-Жапон-Қытай AlgaBioTech халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы өтті. Бұл Орталық ғылыми прогреске, халықаралық ынтымақтастыққа және тұрақты дамуға деген ұмтылысымыздың жарқын мысалы болып табылады.