Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-AL-002

Chlorella sp. 1 m

Chlorophyta › Trebouxiophyceae › Chlorellales › Chlorellaceae › Chlorella

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Моңғолия)
  • Оқшаулау орны: бастапқы штамм Монғолия Ғылым Академиясының Биотехнология институтының коллекциясынан
  • Бөліп алғандар: Заядан Б.К.
  • Коллекцияға түскен жылы: 2001, IPPAS
  • Бөліп алу тәсілі: индукцияланған УК-мутагенез + колониялардың өсу жылдамдығы бойынша селекция
  • Генетикалық ерекшеліктері: мутантты штамм
  • Штаммның жағдайы: Аксенді

Морфологиясы мен құрылымы

жасушалар негізінен сфералық (глобулярлы), кейде эллипсоидты болуы мүмкін; түссіз, жұқа және тегіс қабырғамен жабылған. Жасушаның диаметрі даму сатысына байланысты өзгереді: автоспоралардың мөлшері 1,5–4,0 мкм, кәдімгі вегетативті жасушалар 1,5-тен 3,5 мкм-ге дейін, ал жетілген жасуша өлшемдерінің жалпы диапазоны 5,7 мкм-ге жетеді (сирек 11,0 мкм-ге дейін). Хроматофор париетальды, белдеу тәрізді (толық емес) болуы мүмкін; пиреноид жоқ. Цитоплазмада вакуольдер бар, сонымен қатар крахмалдың ұсақ қосындылары мен май тамшылары байқалады.

Өсіру жағдайлары

  • Қоректік орта: Тамия ортасы (сұйық және агарланған)
  • Температура: 24–28 °C
  • Жарық қарқындылығы: 50–100 мкмоль фотон/м²/с
  • Жарық режимі: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
  • pH: 6,0–7,0.

Физиологиялық ерекшеліктері

Нейтрофил, мезофил, автотроф. Биомассаны өсірудің оңтайлы жағдайларында (CO₂ үздіксіз берілетін, pH деңгейі 6,5 болатын және температурасы 26–28 °C Тамия ортасын пайдалану арқылы) 7–8 күннен кейінгі құрғақ биомассаның (концентрациясы 1,5–2,0 г/л) құрамы мынадай болады: ақуыздар – 48–50%, көмірсулар – 40–45%.

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

Сұйық және 1,5–2,0 % агарланған Тамия ортасында сақталады. Сақтау температурасы 10–12 °C, жарықтандыру қарқындылығы 10–20 мкмоль фотондар/м²/с, фотопериод 12:12 сағ (жарық/қараңғылық). Дақылды ауыстырып отыру қажеттілігіне қарай, бірақ 2–4 айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.

Депонирлеуге қатысты ақпарат

2003 жылы Қазақстан Республикасының «Республикалық микроорганизмдер коллекциясына» депонирленген. Тіркеу нөмірі — A-RKM 0122.

Қолданылу аясы

іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.

Библиография

  1. Буянхишиг, Н., & Заядан, Б. К. (1989). Результаты определения автоспора и длительности клеточного цикла культуры одноклеточных зеленых водорослей Chlorella sp. Научные труды Института общей и экспериментальной биологии, 24, 24–29.
  2. Заядан, Б. К. (1991). Паспортизация мутантных штаммов Chlorella sp. Каталог культур микроводорослей в коллекциях СССР (с. 27). Москва.
  3. Заядан, Б. К. (2001). Жасыл балдырлар Chlorella клеткаларының ауыр металдарға төзімділігі мен олардың биомассасындағы цистеин мөлшері арасындағы қатынасты зерттеу нәтижелері. Вестник КазГУ. Серия биологическая, (2), 117–121.