Chlorella vulgaris SP 4
Chlorophyta › Trebouxiophyceae › Chlorellales › Chlorellaceae › Chlorella

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
- Оқшаулау орны: Алматы қ. тазарту құрылыстары
- Тіршілік ету ортасы: ағынды сулар
- Бөліп алғандар: Заядан Б.К., Акмуханова Н.Р. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология зертханасында
- Коллекцияға түскен жылы: 2001
- Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Штаммның жағдайы: Аксенді
Морфологиясы мен құрылымы
жасушалары сфералық пішінді және өте жұқа қабықпен қапталған. Жасуша диаметрі 1,7-ден 5,2 мкм-ге дейін жетеді. Жасушаның ішінде белдік пішінді ашық хроматофор орналасқан. Тірі жасушаларда ядро көрінбейді.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: Тамия ортасы (сұйық және агарланған)
- Температура: 24–28 °C
- Жарық қарқындылығы: 50–100 мкмоль фотон/м²/с
- Жарық режимі: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
- pH: 6,5.
Физиологиялық ерекшеліктері
Мезофил, автотроф. Биомасса өндірудің оңтайлы жағдайларында (CO₂ үздіксіз берілген кезде), 7–8 күн ішінде құрғақ биомассаның әрбір 2,0–3,0 г/л мөлшеріндегі заттардың құрамы мынадай болады: ақуыздар – 45–50%, көмірсулар – 40–45%.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
Сұйық және 1,5–2,0 % агарланған Тамия минералды ортасында сақталады. Сақтау температурасы 10–12 °C, жарықтандыру қарқындылығы 10–20 мкмоль фотон/м²/с, фотопериод 12:12 сағ (жарық/қараңғылық). Дақылды ауыстырып отыру қажеттілігіне қарай, бірақ 2–4 айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.
Депонирлеуге қатысты ақпарат
2003 жылы Қазақстан Республикасының «Республикалық микроорганизмдер коллекциясына» депонирленген. Тіркеу нөмірі — A-RKM 0118.
Қолданылу аясы
іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.
Библиография
- Заядан, Б. К. (2001). Жасыл балдырлар Chlorella клеткаларының ауыр металдарға төзімділігі мен олардың биомассасындағы цистеин мөлшері арасындағы қатынасты зерттеу нәтижелері. Вестник КазГУ. Серия биологическая, (2), 117–121.
Патенттер және басқа зияткерлік меншік
Өнертабысқа Патент №25373. Өтінім №2010/1358.1 05.11.2010. Жарияланған күні: 20.12.2011, бюл. №12. Атауы: «Биомасса алуға арналған Chlorella vulgaris SP4 бір жасушалы жасыл балдырының штамы». Патент авторлары: Мусалдинов Тулеген Ботпаевич; Заядан Болатхан Казыханұлы; Жамбакин Кабыл Жапарович; Акмуханова Нурзия Рахмедиевна; Саданов Аманкелди Курбанович.


