Chlamydomonas reinhardtii CC-79
Chlorophyta › Chlorophyceae › Chlamydomonadales › Chlamydomonadaceae › Chlamydomonas

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: АҚШ (бастапқы штамм, Табиғи түрChlamydomonas Resource Center, Дьюк университетінен); Қазақстан (мутантты штаммды алу)
- Оқшаулау орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында.
- Бөліп алғандар: коллекцияға алып келген Заядан Б.Қ.
- Коллекцияға түскен жылы: 2001
- Соңғы анықтама: Заядан Б.Қ., Ақмұханова Н.Р., Садвакасова А.К., 2013 ж.
- Бөліп алу тәсілі: индукцияланған УК-мутагенез және антибиотикке төзімділігіне селекция әдісімен алу
- Генетикалық ерекшеліктері: мутантты штамм
- Штаммның жағдайы: аксенді
Морфологиясы мен құрылымы
Біржасушалы, қозғалмалы жасыл микробалдыр; симметриялы, шар тәрізді (дөңгелек) немесе кең жұмыртқа тәрізді пішінді болуымен сипатталады, диаметрі 8–15 мкм аралығында, жасуша қабырғасы сыртқы жағынан анық. Жасушаның ішінде түйіршікті стромасы және пиреноидтың айқын аймағы бар үлкен кесе тәрізді хлоропласт орналасқан. Бұл жасушалар жеке немесе шырышты матрицаға батырылған топтарда пайда болуы мүмкін; бұл кезде талшықтары не ішке тартылған, не матрицаның ішінде жасырылған болады.
Өсіру жағдайлары
- қоректік орта: TAP ортасы (сұйық және агарланған)
- Температура: 24–28 °C
- Жарықтандыру қарқындылығы: 50–100 мкмоль фотондар/м²/с
- Фотопериод: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
- pH: 7,0–7,5
Физиологиялық ерекшеліктері
Мезофил, автотроф, эритромицинге төзімділік танытады.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
Сұйық және 1,5–2,0% агарланған TAP минералды ортасында сақталады. Сақтау температурасы 10–12 °C, жарықтандыру қарқындылығы 10–20 мкмоль фотондар/м²/с, фотопериод 12:12 сағ (жарық/қараңғылық). Дақылды ауыстырып отыру қажеттілігіне қарай, бірақ 2–4 айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.
Депонирлеуге қатысты ақпарат
2003 жылы Қазақстан Республикасының «Республикалық микроорганизмдер коллекциясына» депонирленген. Тіркеу нөмірі: A-RKM 0127
Қолданылу аясы
іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.


