Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-AL-037

Ankistrodesmus sp. B11

Chlorophyta › Chlorophyceae › Sphaeropleales › Ankistrodesmaceae › Ankistrodesmus

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
  • Оқшаулау орны: Балқаш көлі
  • Тіршілік ету ортасы: көл
  • Бөліп алғандар: Заядан Б.К., Акмуханова Н.Р., Садвакасова А.К., Бауенова М.О. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология зертханасында
  • Коллекцияға түскен жылы: 2016
  • Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгіден алынған жинақтауыш дақылдан қатты қоректік ортаға микробиологиялық біртіндеп себу әдісімен бөлініп алынды
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Штаммның жағдайы: аксенді

Морфологиясы мен құрылымы

біржасушалы, негізінен желпуіш тәрізді немесе шоқ тәрізді топтамалар түзеді, көбінесе орталық бөлігінде біріккен. Жасушалар ұзартылған, тік немесе сәл иілген, ұштарына қарай біртіндеп тарылған және үшкірленген (ине тәрізді пішінді). Қабықшасы тегіс, жұқа, түссіз. Көбею 2–4–8–(16) автоспоралармен жүреді, олар аналық жасушада бір-біріне параллель орналасады және аналық жасушаның жарылуы нәтижесінде босатылады. 25–30 °C температурада Тамия сұйық және қатты ортасында жақсы өседі. Сұйық қоректік ортада өскенде түбіне тұнбайды, ыдыс қабырғаларын қаптамайды. Қатты қоректік ортада тегіс жиекті дөңгелек, тегіс және дөңес колониялар түзеді. Колония диаметрі 2–3,5 мм, жасыл түске боялған.

Өсіру жағдайлары

  • Қоректік орта:Тамия ортасы
  • Температура: 25–30 °C
  • Жарықтандыру қарқындылығы: 40–70 мкмоль фотон/м²/с
  • Жарық режимі: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
  • pH: 6,5

Физиологиялық ерекшеліктері

Фотоавтотроф, мезофил, нейтрофил. Биомасса алу үшін оңтайлы культивирлеу режимінде (Тамия ортасында t 26–28 °C, pH 6,5 және CO₂ үздіксіз берілуімен) 7–8 тәулікте 1,5–2,0 г/л құрғақ биомассадағы заттардың мөлшері: ақуыздар — 48–50 %, көмірсулар — 40–45 %.

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

BG-11 агарланған ортасында 12–14 °C температурада және әлсіз жарықтандыруда 4–6 мкмоль фотон/м²/с жүзеге асырылады. Ауыстырмай сақтаудың ең ұзақ мерзімі — 2–3 ай.

Депонирлеуге қатысты ақпарат

Микроорганизмді депонирлеу туралы №09/12-307 куәлік, 2016 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында депонирленген. Тіркеу нөмірі – A-RKM 710.

Қолданылу аясы

Биотестілеуде токсинділікті бағалауға арналған тест-объект ретінде, кейіннен биоремедиацияда, биоэнергетикада және фармакологияда.