Nostoc calcicola CZS 2205
Cyanobacteriota › Cyanophyceae › Nostocales › Nostocaceae › Nostoc

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
- Бөлініп алынған орны: Алматы облысы, Тұзкөл
- Тіршілік ету ортасы: гипертұзды су айдыны
- Бөліп алғандар: Сандыбаева С.К., Заядан Б.К., Ақмұханова Н.Р. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
- Коллекцияға түскен жылы: 2022
- Соңғы анықтама: Сандыбаева С.К., Заядан Б.К., Ақмұханова Н.Р., 2023 ж.
- Бөліп алу әдісі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Штаммның жағдайы: аксенді.
Морфологиясы мен құрылымы
Жасуша өлшемдері негізінен 2–5 мкм; трихомалардың диаметрі 3,5–4,0 мкм, гетероцисталары 5–6 мкм, акинеттері (споралары) 7–8 мкм. Ұйымдасу типі жіптәрізді, колония түзетін цианобактерия; трихомалары қатты ширатылған және бір-бірімен тығыз өрілген, сұйық ортада жіптәрізді түйіршіктер (агрегаттар) түзеді. Талшықтары жоқ.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: азотсыз сұйық BG-11 ортасы (CN=0)
- Температура: 28 ± 2 °C
- Жарықтандыру қарқындылығы: 53 мкмоль фотон/м²/с
- Жарық режимі: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
- pH: 7,5
- Ылғалдылық: шамамен 60%.
Физиологиялық ерекшеліктері
Мезофил
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
бөлме температурасында азотсыз BG-11 сұйық қоректік ортасында сақталады және әр 2–3 ай сайын қайта себіледі. Лиофилизацияланған биомасса +4 °C температурада герметикалық жағдайда, ылғалдың, жарықтың және оттегінің әсерінсіз сақталады. Сақталу мерзімі – 1–3 жыл.
Депонирлеуге қатысты ақпарат
2023 жылы Қазақстан Республикасының «Республикалық микроорганизмдер коллекциясына» депонирленген. Коллекциялық нөмірі: RKM 1061.
Қолданылу аясы
Штамм іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады. Микробалдырларға қарсы табиғи альгицид ретінде пайдалануға болатын биоактивті екінші реттік метаболит — nostocyclamide өндірудің перспективалы продуценті болып табылады.
Библиография
- Akmukhanova, N. R., Seiilbek, S. N., Sandybayeva, S. K., Zayadan, B. K., Albay, M., & Kirbayeva, D. K. (2024). Allelopathic activity of cyanobacteria isolated from Lake Tuzkol. Journal of Phycology, 60, 1557–1566. https://doi.org/10.1111/jpy.13521
Патенттер және басқа зияткерлік меншік
№ 9403 пайдалы модельге патент: «Альгицидтік қасиеттері бар биологиялық белсенді заттарды өндіруші – Nostoc calcicola CZS 2205 штаммы». Өтінім № 2024/0250.2, 21.02.2024; жарияланды: 26.07.2024, бюллетень № 30. Авторлар: Сейілбек Сандуғаш Нұрланқызы, Акмуханова Нурзия Рахмедиевна, Заядан Болатхан Казыханулы, Сандыбаева Сандуғаш Қалжанқызы. Патент иеленуші: «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам.


