Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-CY-048

Oscillatoria brevis SH-12

Cyanophyta › Cyanophyceae › Oscillatoriales › Oscillatoriaceae › Oscillatoria

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
  • Оқшаулау орны: Авангард ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы
  • Тіршілік ету ортасы: күріш алқаптары мен су экожүйелері
  • Бөліп алғандар: Садвакасова А.К., Заядан Б.К., Қосалбаев Б.Д., Бауенова М.О. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
  • Коллекцияға түскен жылы: 2022
  • Соңғы анықтама: Садвакасова А.К., Заядан Б.К., Қосалбаев Б.Д., Бауенова М.О., 2023 ж.
  • Бөліп алу әдісі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Дақылдың жағдайы: аксенді

Морфологиясы мен құрылымы

Трихомалары жіпше тәрізді, шырышты қабықшамен қоршалған; белсенді қозғалыс байқалмайды, бірақ трихома ұштарының әлсіз тербелуі байқалады. Вегетативті жасушалары көк-жасыл түсті, ені 2,6–5,0 мкм; жасуша ұзындығы енінен 2–3 есе үлкен. Гетероцисталары жоқ. Акинеталары жоқ. Көбеюі жасушалардың бір жазықтықта бинарлы бөлінуі арқылы жүреді. Сұйық ортада көк-жасыл түсті, сәл шырышты суспензия және аморфты тұнба түзеді; шайқаған кезде тұнба оңай қайта суспензияланады. Агарланған Громов ортасында көк-жасыл түсті шар тәрізді трихома шоғырларын қалыптастырады. Дақыл маусымға тәуелсіз дамиды.

Өсіру жағдайлары

  • Қоректік орталар: Громов, Аллен, BG-11 (сұйық және агарланған)
  • Температура: 25–28 °C
  • Жарықтандыру қарқындылығы: 30–40 мкмоль фотон/м²/с
  • Жарық режимі: тәулік бойы жарықтандыру
  • pH: 7,5–8,0

Физиологиялық ерекшеліктері

Мезофильді гомоцитті жіпше тәрізді цианобактерия. Гетероцисталар мен акинеталар түзбейді. Эксперименттік жағдайда азотфиксациялық белсенділік анықталмаған, бұл осы морфотипте гетероцисталардың болмауына сәйкес келеді.

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

агарланған BG-11 ортасында 12–14 °C температурада және әлсіз жарықтандыру жағдайында 4–6 мкмоль фотон/м²/с сақталады. Қайта егусіз сақтаудың ең ұзақ мерзімі – 2–3 ай.

Генетикалық ақпарат

16S rRNA генінің фрагменті амплификацияланған. Морфологиялық және филогенетикалық талдау нәтижелері бойынша штамм Oscillatoria brevis SH-12 ретінде идентификацияланған. GenBank нөмірі: MZ090011.

Қолданылу аясы

Штамм эксперименттік зерттеулерде қолданылады. Биоөңдеу, биоремедиация және альгоцианобактериялық биоқабықшалар қалыптастыру үшін перспективалы. Сонымен қатар гетероциста түзбейтін жіпше тәрізді цианобактериялар ішінде фототрофты модельдік дақыл ретінде қолданылуы мүмкін.

Библиография

  1. Sadvakasova A.K. et al. Influence of Mo and Fe on Photosynthetic and Nitrogenase Activities of Nitrogen-Fixing Cyanobacteria under Nitrogen Starvation. Cells. 2022; 11(5):904. DOI: 10.3390/cells11050904.

Патенттер және басқа зияткерлік меншік

жоқ.