Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-CY-052

Fischerella sp. SZ-8

Cyanobacteriota › Cyanophyceae › Nostocales › Hapalosiphonaceae › Fischerella

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
  • Бөліп алу орны: Жетісу облысындағы Жаркент термалды бұлағы.
  • Тіршілік ортасы: тұщы сулы геотермалдық экожүйе, термалды бұлақ.
  • Бөліп алғандар: Акмуханова Н.Р., Сейілбек С.Н. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
  • Коллекцияға түскен жылы: 2023
  • Соңғы анықтама: 2024
  • Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Дақылдың күйі: аксенді дақыл.

Морфологиясы мен құрылымы

дақыл жіптәрізді. Вегетативті жасушалары көк-жасыл түсті, цилиндр, қысқа цилиндр немесе бөшке тәрізді пішінді және бір қатарлы трихомаларға бірігеді. Жіпшелері нағыз тармақталуымен сипатталады. Интеркалярлы және терминалды гетероцисталар кездеседі.

Өсіру жағдайлары

  • қоректік орта: азотсыз сұйық BG-11 ортасы (CN = 0)
  • температура: 28 ± 2 °C
  • pH: 7,5
  • жарық қарқындылығы: 53 мкмоль фотон/м²/с
  • ауаның салыстырмалы ылғалдылығы: шамамен 60%
  • азотпен қамтамасыз етілуі: байланысқан азот енгізілмейді, CN = 0.
  • Ескертпе: Дақылды негізгі сақтау және өсіру сұйық қоректік ортада жүргізіледі. Қатты агарланған ортада штаммның өсуі әлсіз.

Физиологиялық ерекшеліктері

мезофил.

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

штамм азотсыз сұйық BG-11 қоректік ортасында бөлме температурасында сақталады және әрбір 2–3 ай сайын жаңа қоректік ортаға қайта егіледі. Лиофилизацияланған биомасса +4 °C температурада, ылғалдың, жарықтың және оттегінің түсуіне жол бермейтін герметикалық жағдайда сақталады. Лиофилизацияланған биомассаны сақтау мерзімі – 1–3 жыл.

Генетикалық ақпарат

Fischerella sp. SZ-8 штаммының 16S рРНҚ генінің ішінара нуклеотидтік тізбегі GenBank халықаралық деректер базасында PZ692527 инвентарлық нөмірімен тіркелген.

Қолданылу аясы

Штамм іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолдануға арналған.