Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-CY-058

Anabaena sp.

Cyanobacteria › Cyanophyceae › Nostocales › Nostocaceae › Anabaena

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
  • Оқшаулау орны: Қазақстан Республикасы, Ақтау қ., Мұнай өңдеу зауытының өнеркәсіптік аймағы, өндірістік қондырғылар, М-4 нүктесі (өндірістік қондырғылардан шыға берісте).
  • Тіршілік ету ортасы: өндірістік қондырғылардың мұнаймен ластанған ағынды сулары.
  • Бөліп алғандар: Заядан Б.Қ., Дәулетова А.А., Болатхан К. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында.
  • Коллекцияға түскен жылы: 2024 ж.
  • Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтаушы дақылын BG-11 тығыз минералды ортасына микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Дақылдың жағдайы: аксенді.

Морфологиясы мен құрылымы

Штамм көпжасушалы, тармақталмаған жіпшелерден (трихомалардан) тұрады. Трихомалары түзу, иілген немесе сәл бұралған, жалқы немесе бос шоғырлар құра алады. Вегетативті жасушалары бөшке тәрізді, эллипс тәрізді немесе шар тәрізді пішінді, бір-бірімен тасбиық (моншақ) тәрізді жалғасқан; дақылға көк-жасыл немесе зүбәржат түс беретін фотосинтетикалық пигменттері бар. Вегетативті жасушалардың өлшемдері: ені — 3,0–5,0 мкм, ұзындығы — 3,5–6,0 мкм.

Өсіру жағдайлары

  • қоректік орта: BG11 минералды ортасы (сұйық және агарланған)
  • температура: 25–28 °C
  • жарықтандыру қарқындылығы: 40–60 мкмоль фотон/м²/с
  • жарық режимі: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
  • pH: 7,5–8,0

Физиологиялық ерекшеліктері

Галотолерантты.

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

BG-11₀ минералды сұйық және 1,5–2,0% агарланған қоректік ортасында субдақыл түрінде сақталады. Сақтау температурасы +12…+15 °C, жарық қарқындылығы ең төмен деңгейде (5–10 мкмоль фотон/м²/с), жарық режимі – 12:12 сағат (жарық/қараңғылық). Коллекциялық дақылды қайта себу әрбір 2–3 ай сайын жүргізіледі.

Генетикалық ақпарат

GenBank нөмірі: PZ742815

Қолданылу аясы

іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.