
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биотехнология кафедрасының доценті
Акмуханова Нурзия Рахмедиевна
Биология ғылымдарының кандидаты, доцент
Түйіндеме
Жұмыс тәжірибесі
| 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін | Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының доценті |
| 2015 - 2019 | Биотехнология кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары |
| 2007–2015 | Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы |
| 09.2005–01.2007 | Биология факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
| 09.2004–07.2005 | Микробиология кафедрасының оқытушысы |
| 01.2004–09.2004 | Микробиология кафедрасының маманы |
Білім
| 2004 | 03.00.16 – Экология және 03.00.07 – Микробиология мамандықтары бойынша "Алматы қаласының ластанған қалдық суларын биоиндикациялаудағы және тазартудағы микробалдырлардың рөлі" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. |
| 2019 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің доценті ғылыми атағын алды. |
Біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өту курстары
| 2015 -2025 | Зерттеу саласындағы тағылымдамалар
|
Жоба жетекшісі (гранттық қаржыландыру)
AP14870201 «Ауыл шаруашылығы биотехнологиясында пайдалануға перспективалы цианобактериялардың жаңа екіншілік метаболиттерін іздеу және зерттеу». / Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты; 2022–2024 жж.
AP23488308 «Пестицидтердің биодеградациясындағы микробалдырлар мен цианобактериялардың биотехнологиялық әлеуетін зерттеу және олардың топырақ құнарлылығын арттыруға әсері». / Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты; 2024–2026 жж.
Жарияланымдық белсенділігі
60-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 оқулық пен оқу-әдістемелік құралдың, 8 монографияның, өнертабыс пен пайдалы модельдерге арналған 10 патенттің авторы. Ғылыми жарияланымдары Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстеледі. Соңғы 5 жылдағы көрсеткіштері: 24 ғылыми жарияланым, 239 дәйексөз, h-index = 9.


