Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа

Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері

Даулетова Алиям Абликимовна

PhD докторант

Түйіндеме

Еңбек өтілі

2026 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Қолданбалы биотехнология» кафедрасының сеньор-лекторы, «Алматы технологиялық университеті» АҚ.
2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, «Биотехнология» кафедрасы, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері.
2018–2022 жж. Шарманов атындағы Қазақ тағамтану академиясы жанындағы «Нутритест» ЖШС сынақ зертханасының жетекші микробиологы.
2016 ж. «VIVA PHARM» ЖШС микробиологы.
2014–2015 жж. «VELD» компаниясында зертханалық жабдықтар жөніндегі менеджер.

Білімі

2023–2026 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторанты.
2016–2018 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Биотехнология» мамандығы бойынша техника және технология магистрі.
2010–2014 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «5В060700 – Биология» мамандығы бойынша бакалавр.

Біліктілікті арттыру курстары және ғылыми тағылымдамалар

2017 ж. Прага қаласындағы Чех техникалық университетінің биотехнология және микробиология зертханасында ғылыми-зерттеу тағылымдамасы.
2020 ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК филиалында «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша «Жалпы микробиологияның өзекті мәселелері» тақырыбында 54 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті.
2025 ж. Йылдыз техникалық университетінде (Yıldız Technical University, Стамбул, Түркия) докторлық диссертация аясында зертханалық зерттеулер жүргізу, биологиялық көрсеткіштерді анықтау және талдау, сондай-ақ микробиологиялық және биотехнологиялық талдаудың заманауи әдістерін меңгеру бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Жарияланымдық белсенділігі

Scopus және Web of Science халықаралық ғылыми дерекқорларында индекстелетін ғылыми мақалалардың авторы және бірлескен авторы. Соңғы 3 жылда: Scopus және Web of Science базаларында индекстелген 12 ғылыми жарияланымның авторы және бірлескен авторы.