
Коллекция меңгерушісі
Заядан Болатхан Қазыханұлы
Биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі
Түйіндеме
Жұмыс тәжірибесі
| 2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін |
2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының профессоры. 2025 жылдан бастап Қазақ-Жапон-Қытай халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы «AlgaBioTech» директоры. 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Хабаршысы» журналының «Экологиялық» сериясының (Eurasian Journal of Ecology) бас ғылыми редакторы. |
| 2014 – 2023 |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің деканы қызметін атқарған. |
| 2011 - 2014. |
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биотехнология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. |
| 2006 –2011 |
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Микробиология кафедрасының профессоры. |
| 2001 – 2005 |
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Микробиология кафедрасының доценті. |
| 1997-2000 |
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Экология кафедрасының доценті. |
| 1996-1997 |
Санкт-Петербург университеті жанындағы Биологиялық ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері |
| 1986 -1996 |
Моңғолия Ғылым академиясының (ҒА) Биотехнология институтының микробиологиялық синтез зертханасының аға ғылыми қызметкері. |
| 1984-1986 |
Моңғолия Ғылым академиясының (ҒА) Жалпы биология институтының микробиология зертханасында кіші ғылыми қызметкер |
Білімі
|
1979-1984 |
Моңғолия мемлекеттік университетін биология мамандығы бойынша тәмамдаған, біліктілігі: биофизик, биология пәнінің оқытушысы (Улан-Батор қаласы). |
|
1993-1996 |
Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің генетика және селекция кафедрасының аспиранты. |
|
1996 |
«Норфлуразонға төзімді Chlamydomonas reinhardtii мутанттарын генетикалық талдау» (03.00.15 – Генетика, Санкт-Петербуг университет, 1996) тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады. |
|
2002-2005 |
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Микробиология кафедрасының докторанты. |
|
2003 |
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 2003 жылы «доцент» ғылыми атағы берілді. |
|
2006 |
«Фототрофты микроорганизмдердің су экожүйелерін мониторингтеу, қызмет ету және биоремедиациядағы рөлі» диссертация тақырыбы бойынша (03.00.16 – Экология, 03.00.07 – Микробиология, 2006) докторлық диссертациясын сәтті қорғады. |
|
2007 |
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 2007 жылы «профессор» ғылыми атағы берілді. |
Біліктілікті арттыру курстары және тағылымдамалар
| 2015-2025 |
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының басшыларына (топ-менеджерлеріне) арналған «Зерттеу университеті» бағыты бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті, сондай-ақ халықаралық тағылымдамалардан өтті: Назарбаев Университеті, Астана – 2016; RWTH Aachen University, Германия – 2016; University of California, Berkeley (Сан-Франциско, АҚШ) – 2023; ALGATECH Centre, Institute of Microbiology, Czech Academy of Sciences – 2024; Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (FAO), Ыстанбұл – 2024; Tokyo University of Science, Токио, Жапония – 2015, 2025. |
| 2009 |
Лондон университеттік колледжінде (UCL), Англия, 1 ай тағылымдамадан өтті. |
| 2000 |
Ұлттық шағын кәсіпкерлікті дамыту институтында (NISIET), Хайдарабад, Дели, Үндістан, 2 ай тағылымдамадан өтті. |
| 1990-1992 |
Ленинград мемлекеттік университетінің Биотехнология орталығында зерттеуші-тағылымдамашы. |
| 1989-1990 |
КСРО Ғылым академиясының Өсімдіктер физиологиясы институтында (Мәскеу қ.) зерттеуші-тағылымдамашы. |
Ғылыми және кәсіби қауымдастықтардағы мүшелік
2017 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 2020 жылы академигі болып сайланды, ал 2025 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі атанды.
2023 жылы Қытай Халық Республикасындағы Tianjin Institute of Industrial Biotechnology құрметті профессоры атағы берілді; сондай-ақ, халықаралық ұйым COMSATS аясында агробиотехнология саласының өкілі болып табылады.
2021–2023 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми кеңесінің «Геология, минералдық және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз өнімдер мен конструкциялар» басым бағыты бойынша мүшесі, ал 2024–2025 жылдары «Экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» басым бағыты бойынша да мүше болып табылады.
Ғылыми мектеп
Профессор Б.К. Заядан Қазақстандағы «Фототрофты микроағзалар және олардың биотехнология мен биоэнергетикадағы қолданылуы» атты алғашқы ғылыми мектептің негізін қалаушы болып табылады. Б.К. Заяданның жетекшілігімен 6 ғылым кандидаты, 14 PhD докторы, 28 магистрант даярланған. Қазіргі уақытта ол 3 PhD докторант пен 2 магистрантқа жетекшілік етеді.
Гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобалардың жетекшісі
• АР23485416 – Микробалдырлар мен цианобактериялар коллекциясының биобанкін құру және олардың қолданбалы зерттеулерде пайдалануға арналған биотехнологиялық әлеуетін зерттеу / әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты. Ғылыми жетекшісі – Б.Қ. Заядан. Алматы қ., 2024–2026 жж.
• АР14870171 – Фототрофты микроорганизмдердің биологиялық белсенді заттары негізінде жаңа отандық биопрепараттарды әзірлеу / әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты. Ғылыми жетекшісі – Б.Қ. Заядан. Алматы қ., 2022–2024 жж.
• Цианобактериялар негізінде ағынды суларды биологиялық тазартудың және көмірқышқыл газын кәдеге жаратудың қалдықсыз технологиясын әзірлеу, биодизель өндірудің перспективалық бағыты ретінде / әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты. Ғылыми жетекшісі – Б.Қ. Заядан. Алматы қ., 2018–2020 жж., мемлекеттік тіркеу № 0118РК00085.
• Май қышқылдарын өндіруші цианобактериялар негізінде биодизель отынын алу / әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты. Ғылыми жетекшісі – Б.Қ. Заядан. Алматы қ., 2015–2017 жж., мемлекеттік тіркеу № 0115РК00282.
• Фито-альго-цианобактериялық консорциумдарды пайдалану негізінде әртүрлі ағынды суларды ауыр металдардан биоремедиациялау / әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты. Жауапты орындаушы – Б.Қ. Заядан. Алматы қ., 2015–2017 жж., мемлекеттік тіркеу № 0115РК00395.
• Май өндіруші белсенді микробалдырлар штаммдары негізінде сұйық биодизель отынын алу технологиясын әзірлеу / әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты. Ғылыми жетекшісі – Б.Қ. Заядан. Алматы қ., 2012–2014 жж., мемлекеттік тіркеу № 0112РК00331.
• Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының өнімділігін арттыруға арналған микробалдырлар негізіндегі биологиялық белсенді жемдік қоспалар мен биостимуляторларды алу («Биологиялық жүйелердің қызмет ету заңдылықтары – медицина, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау салаларына арналған инновациялық технологияларды әзірлеудің негізі» бағдарламасы) / әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты. Ғылыми жетекшісі – Б.Қ. Заядан. Алматы қ., 2009–2011 жж., мемлекеттік тіркеу № 0109РК00147.
• Биотехнологияда қолдануға арналған перспективалы микробалдырлар дақылдарын алу және оларды жаппай өсіру технологиясын әзірлеу («Медицинада, ауыл шаруашылығында, қоршаған ортаны қорғауда, тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінде гендік-инженерлік және жасушалық технологияларды әзірлеу және пайдалану» бағдарламасы) / әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты. Ғылыми жетекшісі – Б.Қ. Заядан. Алматы қ., 2009–2011 жж., мемлекеттік тіркеу № 0109РК00700.
• Биотехнологияда қолдануға арналған генетикалық-маркерлік және өндірістік құнды коллекциялық микробалдырларды толықтыру, паспорттау және криобанк құру / әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты. Ғылыми жетекшісі – Б.Қ. Заядан. Алматы қ., 2012–2014 жж., мемлекеттік тіркеу № 0112РК00267.
• Микробалдырлар штаммдарын селекциялау және оларды биотехнологиялық өндіріс мақсатында өсіру технологиясын әзірлеу (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық биотехнология орталығы бағдарламасы) / әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты. Ғылыми жетекшісі – Б.Қ. Заядан. Алматы қ., 2009–2011 жж., мемлекеттік тіркеу № 0109РК004.
Халықаралық жобалардың ғылыми жетекшісі
• 2023–2025 жж. – Антибиотиктер өндіру жүйесінде Қытай–Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін зерттеу және әзірлеу: бейімделгіштігін бағалау және практикалық қолдану мүмкіндіктерін зерттеу халықаралық жобасы (Project 2022EO1032). Жоба Шанхай ынтымақтастық ұйымының Ғылыми-техникалық әріптестік бағдарламасы және Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағдарламасы аясындағы бірлескен өтінім туралы келісім негізінде жүзеге асырылуда.
• 2017 ж. – Фотобиореакторларда микробалдырларды жаппай өсіру және мониторинг жүргізу халықаралық жобасы. «EXPO-2017» халықаралық көрмесі шеңберінде жүзеге асырылған жоба, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
• 2007–2009 жж. – Микробалдырларды пайдалану арқылы коммуналдық-тұрмыстық және ауыл шаруашылығы ағынды суларын биологиялық тазарту технологиясын әзірлеу халықаралық ғылыми жобасы. Қытай Халық Республикасының «Ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық» бағдарламасы аясында орындалған. Орындаушы ұйымдар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты. Жоба жетекшісі – Б.Қ. Заядан. Алматы қ., мемлекеттік тіркеу № 0107РК00480.
Мемлекеттік марапаттары және құрметті атақтары
Web of Science Core Collection деректері бойынша, қазақстандық ғалымдар арасында «Жасыл энергетика» саласында жоғары дәйексөз көрсеткіші үшін ҚР БҒМ дипломымен марапатталған 2012–2016 жылдар аралығында. Springer Nature баспасының журналдарында жоғары жарияланым белсенділігі үшін сертификат, 2019 ж. Scopus Award-2019 дипломы, «Top Researcher in Engineering and Technology» номинациясы
Қазақстан Республикасы ғылымы мен техникасының дамуына үлес қосқан ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2014 ж.).
Қазақстан Республикасында «ЖОО Үздік оқытушысы» атағына екі мәрте ие болды (2008 ж., 2018 ж.).
ҚР БҒМ «Ы. Алтынсарин» төс белгісі, 2016 ж. 2017 ж. ҚР БҒМ «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі, 2018 ж. ҚР БҒМ «Қазақстан білім саласының құрметті қызметкері» төс белгісі, 2019 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ерен еңбегі үшін» медалі, 2019 ж. «Қазақ аграрлық университетінің 90 жыл» арналған мерейтойлық медаль, 2021 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Үлкен күміс медалі, 2021 ж. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі, бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін.
Халықаралық серіктестер
АҚШ, Қытай, Польша, Ресей, Чехия, Жапония, Түркия және Ұлыбритания ғылыми орталықтарымен бірлескен зерттеулер жүргізеді. EXPO-2017 (Астана, «Болашақ энергиясы») халықаралық көрмесінің қатысушысы. Олар Лондон Университеттік колледжі (Ұлыбритания) құрылымдық және молекулалық биология лабораториясымен бірлесіп, биодизель алу мақсатында жоғары өнімді микробалдыр штаммдарын мутагенез әдістерімен алу зерттеулерін жүргізеді. К.А. Тимирязев атындағы РАН Өсімдік физиологиясы институтының «Жасушаішілік регуляцияның молекулалық негіздері» лабораториясы (Мәскеу) және Токио Ғылым университетінің (Tokyo University of Science, Жапония) жаратылыстану ғылымдар факультетінің лабораториясымен бірлесіп, фотосинтездеуші микроағзалар негізінде биосутегін өндіруге арналған зерттеулер жүргізуде. Сонымен қатар, «Фототрофты микроағзалар және олардың биотехнология мен биоэнергетикадағы қолданылуы» бағытында, оның жетекшілігімен Қытай–ЖапонияҚазақстан халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы «AlgaBioTech» қызмет атқарып келеді.
Ғылыми қызмет нәтижелілігі
450-дан астам ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде 20 оқулықтар мен оқу құралдары, 8 монография, 35 патенттер, авторлық куәліктер мен пайдалы модельдер. Scopus және Web of Science деректер базасында индекстелген мақалалар: Соңғы 5 жылда: 82 жарияланым, 2345 сілтеме, h-индекс = 24
|
List of some scientific articles (2019-2026):
MONOGRAPHS AND TEXTBOOKS
|


