Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-AL-001

Chlorella sp. 1

Chlorophyta › Trebouxiophyceae › Chlorellales › Chlorellaceae › Chlorella

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Моңғолия
  • Оқшаулау орны: Монғолия Ғылым Академиясы Биотехнология институтының коллекциясынан ұсынылған, Қазақстан (сақтау орны)
  • Соңғы анықтама: Заядан Б.К., Ақмұханова Н. Р. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология зертханасында, 2015
  • Бөліп алған: Заядан Б.К.
  • Коллекцияға түскен жылы: 2001, IPPAS
  • Бөліп алу әдісі: коллекциялық штамм
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Штаммның жағдайы: Аксенді

Морфологиясы мен құрылымы

жасушалары сфералық пішінге ие. Жасуша қабығы қалың. Жасушалардың диаметрі жасына және даму сатысына байланысты өзгереді: автоспоралардың мөлшері 2,5–4,0 мкм, жас вегетативті жасушалар 5,0–10,0 мкм, ал жетілген жасушалар 1,7-ден 14,0 мкм-ге дейін. Хроматофоры жіңішке әрі белдеу тәрізді (толық емес) не табақша, тостағанша пішінді болуы мүмкін; оның құрамында пиреноид болады. Цитоплазмасында бір не бірнеше вакуоль кездеседі.

Өсіру жағдайлары

  • Қоректік орта: Тамия ортасы (сұйық және агарланған)
  • Температура: 24–28 °C
  • Жарық қарқындылығы: 50–100 мкмоль фотон/м²/с
  • Фотопериод: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
  • pH: 6,0–7,0

Физиологиялық ерекшеліктері

мезофил, автотроф, нейтрофил. Биомассаны өсірудің оңтайлы жағдайларында (CO₂ үздіксіз берілетін, pH деңгейі 6,5 болатын және температурасы 26–28 °C Тамия ортасын пайдалану арқылы) 7–8 күннен кейінгі құрғақ биомассаның (концентрациясы 1,5–2,0 г/л) құрамы мынадай болады: ақуыздар – 48–50%, көмірсулар – 40–45%.

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

Сұйық және 1,5–2,0 % агарланған Тамия ортасында сақталады. Сақтау температурасы 10–12 °C, жарықтандыру қарқындылығы 10–20 мкмоль фотондар/м²/с, фотопериод 12:12 сағ (жарық/қараңғылық). Дақылды ауыстырып отыру қажеттілігіне қарай, бірақ 2–4 айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.

Депонирлеуге қатысты ақпарат

2003 жылы Қазақстан Республикасының «Республикалық микроорганизмдер коллекциясына» депонирленген. Тіркеу нөмірі — A-RKM 0120.

Қолданылу аясы

іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.

Библиография

  1. Буянхишиг, Н., & Заядан, Б. К. (1989). Результаты определения автоспора и длительности клеточного цикла культуры одноклеточных зеленых водорослей Chlorella sp. Научные труды Института общей и экспериментальной биологии, 24, 24–29.
  2. Заядан, Б. К. (1991). Паспортизация мутантных штаммов Chlorella sp. каталог культур микроводорослей в коллекциях СССР (с. 27). Москва.
  3. Заядан, Б. К., & Өнерхан, Г. (2010). Бурабай және Қопа көлдері суларына микробалдыр Chlorella sp.-1 штамы көмегімен био-тест жүргізу. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, (4), 97–101.
  4. Заядан, Б. К. (2001). Жасыл балдырлар Chlorella клеткаларының ауыр металдарға төзімділігі мен олардың биомассасындағы цистеин мөлшері арасындағы қатынасты зерттеу нәтижелері. Вестник КазГУ. Серия биологическая, (2), 117–121.
  5. Заядан, Б. К. (2001). Су экожүйелеріне биологиялық тест жүргізуге жасыл балдыр Chlorella sp.-1 табиғи түрін пайдаланудың маңызы. Вестник КазГУ. Серия экологическая, 2(14), 140–144.