Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-AL-042

Ankistrodesmus falcatus B-5

Chlorophyta › Chlorophyceae › Sphaeropleales › Selenastraceae › Ankistrodesmus

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
  • Оқшаулау орны: Шығыс Қазақстан облысы, Алакөл көлі
  • Тіршілік ету ортасы: жартылай тұзды сулар
  • Бөліп алғандар: Заядан Б.К., Болатхан К. Какимова А.Б. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында.
  • Коллекцияға енгізілген жылы: 2021
  • Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Дақылдың күйі: Аксенді.

Морфологиясы мен құрылымы

жасушалары ине тәрізді немесе жіңішке ұршық тәрізді, түзу немесе сәл иілген, ұштарына қарай біртіндеп сүйірленеді. Жасушалар жеке немесе әдетте 2–4–8 жасушадан тұратын шоқ тәрізді топтар құрып кездеседі. Тікенектері болмайды. Бір қабырғалық хлоропласт жасушаның шеткі бөлігінің едәуір бөлігін алып жатады, пиреноид әдетте болмайды. Жасушаларда ядрошықты ядро, митохондриялар және крахмал түйіршіктері байқалады.

Өсіру жағдайлары

  • Қоректік орта: BG-11 ортасы (сұйық және агарланған)
  • Температура: +25 °C
  • Жарық қарқындылығы: 50–100 мкмоль фотон/м²/с
  • Жарық режимі: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
  • pH: 7,0.

Физиологиялық ерекшеліктері

Мезофил, фотоавтотроф.

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

сұйық және 1,5–2,0% агарланған минералды BG-11 қоректік ортасында сақталады. Сақтау температурасы: 12–15 °C; жарық қарқындылығы: 5–10 мкмоль фотон/м²/с; жарық режимі: 12:12 сағ (жарық/қараңғы). Дақылды қайта себу әр 3 ай сайын жүргізіледі.

Депонирлеуге қатысты ақпарат

микроорганизмді депонирлеу туралы куәлік № 09/12-397, 2021 жылы Қазақстан Республикасының «Республикалық микроорганизмдер коллекциясына» депонирленген. Тіркеу нөмірі: RKM 0961

Генетикалық ақпарат

жоқ

Қолданылу аясы

іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.

Библиография

  1. Сарсекеева, Ф. К., Болатхан, К., Сапархан, Е. С., Сандыбаева, С. К., Амантаева, А. Т., & Заядан, Б. К. (2022). Возможности использования термальных и минеральных источников Республики Казахстан как среды для культивирования микроводорослей – продуцентов биодизеля. Eurasian Journal of Ecology, 71(2), 34–43. https://doi.org/10.26577/eje.2022.v71.i2.04

Фотосуреттер