Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-AL-063

Navicula sp.

Bacillariophyta › Bacillariophyceae › Naviculales › Naviculaceae › Navicula

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы.
  • Бөлініп алынған орны: Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, мұнай өңдеу зауытының өндірістік аймағы, өндірістік қондырғылар, M-13 сынама алу нүктесі (өндірістік қондырғылардан шығатын ағынның кіреберісінде).
  • Тіршілік ету ортасы: мұнаймен ластанған ағынды сулары.
  • Бөліп алғандар: Заядан Б.К., Даулетова А.А. и Болатхан К. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
  • Коллекцияға енгізілген жылы: 2024
  • Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Дақылдың жағдайы: аксенді.

Морфологиясы мен құрылымы

Жасушалары дара орналасқан, эукариотты типті, құрамында фукоксантин пигментінің басым болуына байланысты алтын-қоңыр түсті. Жарма жағынан қарағанда жасушалары қайық тәрізді немесе ланцет тәрізді, ұштары симметриялы дөңгеленген, ал белдеу жағынан қарағанда тікбұрышты пішінді. Жасуша қозғалысты қамтамасыз ететін шырыш бөлінетін айқын бойлық тігісі (рафе) бар қатты екі жармалы кремнийлі қабықпен (фрустуламен) қапталған. Планктонның өлшемдік жіктемесіне (Дюссар шкаласы) сәйкес, штамм нанопланктонға (өлшемі 2–20 мкм болатын орташа микроорганизмдер тобы) жатады, ал тіршілік циклінің жекелеген кезеңдерінде микропланктон фракциясына (>20 мкм) біртіндеп ауысады.

Өсіру жағдайлары

  • Қоректік орта: F/2 ортасы, BG-11 ортасы
  • Температура: 20–24 °C
  • Жарықтандыру қарқындылығы: 40–80 мкмоль фотон/м²/с
  • Фотопериод: 16 сағ жарық / 8 сағ қараңғы (16 Ж:8 Қ)
  • pH-ы: 7,2–7,8

Физиологиялық ерекшеліктері

Галотолерантты.

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

BG-11 қоректік ортасында (сұйық немесе 1,2–1,5% агар қосылған агарланған түрде) 12–15 °C температурада, әлсіз жарықтандыру жағдайында (5–10 мкмоль фотон/м²/с) және 12 сағат жарық / 12 сағат қараңғылық фотопериодында сақталады. Штаммды сақтаудың оңтайлы тәсілі – өсіру сөресінде әр 3 ай сайын қайта егу арқылы сақтау. 4–8 °C температурадағы тоңазытқышта сақтау да рұқсат етіледі, бірақ дақыл толық қараңғылықта болмауы тиіс.

Генетикалық ақпарат

GenBank accession PZ765996

Қолданылу аясы

іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.