Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-CY-030

Cyanobacterium sp. IPPAS B-1200

Cyanobacteriota › Cyanophyceae › Chroococcales › Geminocystaceae › Cyanobacterium

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
  • Оқшаулау орны: Балқаш көлі
  • Тіршілік ету ортасы: жартылай тұзды су экожүйесі
  • Бөліп алған: Сарсекеева Ф.К., Заядан Б.К.
  • Коллекцияға түскен жылы: 2014
  • Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгіден алынған жинақтауыш дақылдан микробиологиялық біртіндеп себу әдісімен бөліп алынды
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Штаммның жағдайы: аксенді

Морфологиясы мен құрылымы

Жасушалары қозғалмайтын, жеке немесе бөлінгеннен кейін жұп болып орналасқан, кілегей қабықшасыз, сопақшадан таяқша тәріздіге дейін, ұштары домаланған, түзу немесе сәл иілген; жасушалардың орташа ұзындығы 4,5–7,5 мкм, ені 2,0–4,5 мкм. Жасуша құрамы центро- және хроматоплазмаға бөлінбеген. Бөлінуі бинарлы, жасушаның ұзын осіне перпендикуляр жазықтықта жүреді, нәтижесінде екі бірдей еншілес жасуша түзіледі. Көлденең кесінділерде тилакоидтар радиалды, бойлық кесінділерде жасуша бойымен орналасқан; қосындылардан карбоксисомалар мен электрондық тығыздығы төмен қосындылар байқалады; S-қабаты мен қынаптары жоқ. Штамм жасушаларға бекімеген едәуір мөлшерде кілегей бөледі. Агарланған ортадағы колониялары көк-жасыл, жылтыр, дөңгелек, тегіс, жиегі біркелкі.

Өсіру жағдайлары

  • Қоректік орта: Заррук ортасы (сұйық және агарланған)
  • Температура: 26–34 °C; 24–34 °C кең диапазонында жақсы өседі
  • Жарықтандыру қарқындылығы: 50–150 мкмоль фотон/м²/с
  • Фотопериод: тәулік бойы жарықтандыру
  • Ортаның pH: 7,5–9,0

Физиологиялық ерекшеліктері

алкалофил, мезофил, жарықсүйгіш, автотроф.

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

сұйық және 1,5–2,0 % агарланған Заррука минералды ортасында сақталады. Сақтау температурасы 10–12 °C, жарықтандыру қарқындылығы 10–20 мкмоль фотондар/м²/с, жарық режимі 12:12 сағ (жарық/қараңғылық). Дақылды ауыстырып отыру қажеттілігіне қарай, бірақ 2–4 айда бір реттен сиретпей жүргізіледі.

Депонирлеуге қатысты ақпарат

IPPAS B-1200 нөмірімен басқа әлемдік коллекцияда – РҒА К.А. Тимирязев атындағы Өсімдіктер физиологиясы институтының микробалдырлар мен цианобактериялар коллекциясында (Ресей) сақталады.

Генетикалық ақпарат

GenBank базасындағы нуклеотидтік тізбектер: KM502966 (16S рРНҚ генінің тізбегі), ASM174700v1 (геномның жобалық нұсқасы).

Қолданылу аясы

іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында биоотын алу үшін қолданылады.

Библиография

  1. Starikov A.Y., Usserbaeva A., Sinetova M.A., Sarsekeyeva F.K., Zayadan B.K., Ustinova V., Kupriyanova E.V., Los D.A., Mironov K.S. (2016) Draft genome sequence of Cyanobacterium sp. strain IPPAS B-1200 with unique fatty acid composition. Genome Announc. 4(6):e01306-16. doi: 10.1128/genomeA.01306-16
  2. Sarsekeyeva F.K., Usserbaeva A.A., Zayadan B.K., Mironov K.S., Sidorov R.A., Kozlova A. Yu., Kupriyanova E.V., Sinetova M.A., Los D.A. (2014) Isolation and characterization of a new cyanobacterial strain with a unique fatty acid composition. Advances in Microbiology 4: 1033-1043. doi: 10.4236/aim.2014.415114
  3. Стариков А.Ю., Усербаева А.А., Миронов К.С., Сидоров Р.А., Заядан Б.К., Бедбенов В.С., Синетова М.А., Лось Д.А. (2018) Субстратная специфичность ацил-липидной Δ9-десатуразы жирных кислот из цианобактерии Cyanobacterium sp. IPPAS B-1200 с необычным жирнокислотным составом. Физиология растений 65(4): 270-278. doi: 10.7868/S0015330318040036.

Патенттер және басқа зияткерлік меншік

  • Cyanobacterium sp. IPPAS B-1200 штаммы биоотын өндіруге арналған шикізат ретінде (Қазақстан Республикасының пайдалы моделіне Патент № 1750; өтінім № 2015/0255.2, 11.08.2015; жарияланды: 30.09.2016, бюл. № 12). Авторлары: Сарсекеева, Ф. К., Заядан, Б. К., Лось, Д. А., Садвакасова, А. К., Усербаева, А. А., & Болатхан, К. (2016).

Фотосуреттер