Anabaena variabilis A-1
Cyanobacteria › Cyanophyceae › Nostocales › Nostocaceae › Anabaena

Сипаттамасы
Қабылдау және бөліп алу тарихы
- Шыққан елі: Қазақстан Республикасы.
- Оқшаулау орны: Жаңақорған.
- Тіршілік ету ортасы: күріш алқаптары.
- Бөліп алғандар: Какимова А.Б., Заядан Б.К., Болатхан К., Садвакасова А.К., Сандыбаева С.К. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында.
- Коллекцияға түскен жылы: 2021.
- Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
- Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
- Штаммның жағдайы: Аксенді.
Морфологиясы мен құрылымы
Жіпшелі цианобактерия. Трихомалары көбінесе шумақталған, ал жалқы трихомалары шар тәрізді жасушалардан тұрады, олардың арасында гетероцисталар мен сирек кездесетін, әрең байқалатын акинеталар кездеседі. Трихомалардың ұштары тарылмаған, жасушааралық перделерінде азды-көпті терең тартылыстары (перетяжки) бар және шырышты қынаптармен қапталған. Жасушалары цилиндрлік, бөшке тәрізді немесе сфералық, бозғылт немесе ашық көк-жасыл немесе зәйтүн түсті болып келеді, құрамында газ көпіршіктері (вакуольдері) бар немесе газ көпіршіктері жоқ, бірақ кейде түйіршікті заттардан тұрады. Ұштық (терминальды) жасушалары сәл ұзартылған және вакуольденбеген. Гетероцисталары интеркалярлы (жасушалар арасында орналасқан), жалқы, бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан, сопақша, кейде сфералық пішінді және ереже бойынша, вегетативті жасушалардан сәл үлкенірек болады. Гетероцисталардың дамуы қоректік орта таусылған кезде, культивациялаудың 8–15 тәулігінде байқалды.
Өсіру жағдайлары
- Қоректік орта: BG-11₀ ортасы (сұйық және агарланған)
- Температура: +25 °C
- Жарық қарқындылығы: 50–100 мкмоль фотон/м²/с
- Жарық режимі: 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
- pH: 7,0–8,0.
Физиологиялық ерекшеліктері
Мезофил, фотоавтотроф.
Ұзақ мерзімді сақтау шарттары
сұйық және 1,5–2,0% агарланған минералды BG-11 қоректік ортасында сақталады. Сақтау температурасы: 12–15 °C; жарық қарқындылығы: 5–10 мкмоль фотон/м²/с; жарық режимі: 12:12 сағ (жарық/қараңғы). Дақылды қайта себу әр 3 ай сайын жүргізіледі.
Депонирлеуге қатысты ақпарат
микроорганизмді депонирлеу туралы куәлік № 09/12-396 2021 жылы Қазақстан Республикасының «Республикалық микроорганизмдер коллекциясына» депонирленген. Тіркеу нөмірі: RKM 0960
Қолданылу аясы
биосутегі (H₂) өндіруге, азотты фиксациялауға қабілетті, биотехнологиялық процестерде қолдануға жарамды. Жаңартылатын энергия көздерін, биосутегі технологияларын және экологиялық таза биотехнологиялық өндірістерді дамыту үшін перспективті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің AP09260785 және AP08052481 жобалары аясында жүргізілген зерттеулер барысында алынған.
Библиография
- Kossalbayev, B. D., Kakimova, A. B., Bolatkhan, K., Zayadan, B. K., Sandybayeva, S. K., Bozieva, A. M., Sadvakasova, A. K., Alwasel, S., & Allakhverdiev, S. I. (2022). Biohydrogen production by novel cyanobacterial strains isolated from rice paddies in Kazakhstan. International Journal of Hydrogen Energy, 47(37), 16440–16453. https://doi.org/10.1016/j.ijhydene.2022.03.126
Патенттер және басқа зияткерлік меншік
Какимова А.Б., Заядан Б.К., Болатхан К., Садвакасова А.К., Сандыбаева С.К. Биоотын өндіруге арналған шикізат ретінде пайдаланылатын Anabaena variabilis A-1 штаммы: Қазақстан Республикасының пайдалы модельге патенті № 8167; жариял. 01.03.2024.


