Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-CY-054

Oscillatoria subbrevis CZS 2201

Cyanobacteriota › Cyanophyceae › Oscillatoriales › Oscillatoriaceae › Oscillatoria

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы
  • Бөліп алынған орны: Алматы облысы, Шонжы кентінің ыстық бұлақтары.
  • Тіршілік ортасы: Термалды су экожүйесі.
  • Бөліп алғандар: Сандыбаева С.Қ., Заядан Б.К., Какимова А.Б., Болатхан К., Тоқтыбай А.К., Сейілбек С.Н. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
  • Коллекцияға қабылданған жылы: 2023.
  • Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Штаммның жағдайы: аксенді.

Морфологиясы мен құрылымы

Гетероцистасыз жіпшелі цианобактерия. Трихомалары дара, түзуге жуық, ұштары жіңішкермеген, көлденең қабырғаларында тарылмаған. Жасушаларының ұзындығы 1,5–3,1 мкм, ені 6,5–7,1 мкм, көлденең қабырғаларында түйіршіктену жоқ. Соңғы жасушасы дөңгеленген, калиптрасы жоқ.

Өсіру жағдайлары

  • Қоректік орта: Заррук ортасы; BG-11 ортасында да өседі
  • Температура: 32 °C
  • Жарық қарқындылығы: 62 мкмоль фотон·м⁻²·с⁻¹
  • Жарық режимі: 12:12 сағ (жарық/қараңғы)
  • pH: 8,5

Физиологиялық ерекшеліктері

аэробты фототроф

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

Зарруктың сұйық немесе агарланған ортасында 2–3 ай сайын қайта егу арқылы сақталады. Кептірілген биомасса 4 °C-та қараңғы және құрғақ жағдайда сақталады.

Депонирлеуге қатысты ақпарат

2023 жылғы 19 қазандағы № 09/12-453 сертификат. Тіркеу нөмірі: RKM 1063

Генетикалық ақпарат

Молекулалық сәйкестендіру 27F/1492R праймерлерімен 16S рРНҚ генін секвенирлеу арқылы жүргізілген. GenBank нөмірі: OQ627016.

Қолданылу аясы

Термотөзімді цианобактерияларды, пигменттер мен антиоксиданттық метаболиттерді зерттеу; аналитикалық және биотехнологиялық скрининг үшін биомасса алу.

Библиография

  1. Sandybayeva, S.K.; Kossalbayev, B.D.; Zayadan, B.K.; Kopecký, J.; Kakimova, A.B.; Bolatkhan, K.; Allakhverdiev, S.I. Isolation, Identification and Pigment Analysis of Novel Cyanobacterial Strains from Thermal Springs. Plants 2024, 13, 2951. https://doi.org/10.3390/plants13212951

Патенттер және басқа зияткерлік меншік

2024 жылғы 27 қыркүйек № 9607 «Гликозилденген каротиноидті – миксоксантофиллді алу үшін шикізат ретінде қолданылатын Oscillatoria subbrevis CZS 2201 цианобактерия штаммы» пайдалы модельге патент.