Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-CY-064

Nostoc sp.

Cyanobacteria › Cyanophyceae › Nostocales › Nostocaceae › Nostoc

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы.
  • Оқшаулау орны: Ақтау қ., Мұнай өңдеу зауытының өндірістік аймағы, өндірістік қондырғылар, M-4 нүктесі (өндірістік қондырғылардан шығар берісте).
  • Тіршілік ортасы: мұнаймен ластанған ағынды сулары.
  • Бөліп алғандар: Заядан Б.Қ., Даулетова А.А. и Болатхан К. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология зертханасында
  • Коллекцияға қабылданған жылы: 2024
  • Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылдан тығыз азотсыз минералды ортаға микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Дақылдың жағдайы: аксенді

Морфологиясы мен құрылымы

жіп тәрізді (трихомальды) колониялық прокариотты ағза (цианобактерия). Жасушалары жұмыр немесе бөшке тәрізді, талшықтары жоқ, шырышты қабықпен қоршалған, тізбек тәрізді тармақталмаған жіптерге (трихомаларға) біріккен. Шырышты колониялар түзеді. Азот тапшылығы жағдайында ірі жұмыр гетероцисталар (6–10 мкм) түзеді. Вегетативті жасушаларының өлшемі 3–7 мкм құрайды, штамм орташа өлшемді (2–20 мкм) микроағзалар тобына жатады.

Өсіру жағдайлары

  • Қоректік орта: BG-11 ортасы; модификацияланған азотсыз BG-11 ортасы (сұйық және агарланған)
  • Температура: 25–28 °C
  • Жарықтандыру қарқындылығы: 40–60 мкмоль фотон/м²/с
  • Фотопериод: 16 сағ жарық / 8 сағ қараңғы (16 Ж:8 Қ)
  • pH-ы: 7,5–8,0

Физиологиялық ерекшеліктері

Галотолерантты.

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

сұйық және 1,5–2,0% агарланған минералды азотсыз BG11₀ ортасында субдақыл түрінде сақталады. Сақтау температурасы +12…+15 °C, жарық қарқындылығы минималды (5–10 мкмоль фотондар/м²/с), жарық режимі: 12 сағат жарық / 12 сағат қараңғылық. Коллекциялық дақылды қайта себу (жаңарту) әр 4–6 ай сайын жүргізіледі.

Генетикалық ақпарат

GenBank accession №PZ747267

Қолданылу аясы

іргелі ғылыми зерттеулерде және биотехнология саласында қолданылады.