Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-CY-070

Phormidium sp.

Cyanobacteriota › Cyanophyceae › Oscillatoriales › Phormidiaceae › Phormidium

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы.
  • Оқшаулау орны: Бақанас ауылының күріш алқабы, Балқаш ауданы, Алматы облысы.
  • Тіршілік ету ортасы: күріш алқабы.
  • Бөліп алғандар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері (жетекшісі: Ф.К. Сәрсекеева).
  • Коллекцияға енгізілген жылы: 2025.
  • Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Дақылдың жағдайы: аксенді.

Морфологиясы мен құрылымы

Ұйымдасу типі бойынша – көпжасушалы, жіптәрізді, тармақталмаған трихомды цианобактерия. Трихомдары түзу немесе сәл иілген, жасушалары цилиндр тәрізді, бір-бірімен тығыз байланысқан, көк-жасыл түсті, жұқа шырышты қабықшамен қапталған. Гетероцисталар мен акинеттер түзбейді. Жасушаларының ені 3,0–6,0 мкм.

Өсіру жағдайлары

  • қоректік орталар: BG-11, Заррук (сұйық және агарланған)
  • температурасы – 25 ± 2 °C
  • жарық қарқындылығы – 30–40 мкмоль фотон/м²/с
  • жарық режимі – 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
  • pH – 7,0–7,5.

Физиологиялық ерекшеліктері

Мезофильді, фотоавтотрофты, жіптәрізді штамм. Белсенді фотосинтез арқылы өсіп, биомасса жинақтау қабілетіне ие. Гетероцисталар түзбейді және аэробты жағдайда атмосфералық азотты фиксацияламайды.

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

агарланған Заррук минералдық қоректік ортасында 4–12 °C температурада және әлсіз жарық жағдайында 10–20 мкмоль фотон/м²/с сақталады. Дақылды қайта себу әр 2–3 ай сайын жүргізіледі. Ұзақ мерзімді сақтау үшін криопротекторларды пайдалана отырып, −80 °C температурада немесе сұйық азотта криоконсервациялау ұсынылады.

Қолданылу аясы

AP26101745 «Ауыл шаруашылығында органикалық тыңайтқыштар мен биостимуляторлар алу үшін цианобактерия штаммдарын қолдану» ғылыми жобасы аясында штаммның биотыңайтқыштар мен өсімдіктердің өсуін ынталандыратын биостимуляторларды өндіруде, топырақ құнарлылығын арттыруда, деградацияға ұшыраған агроэкожүйелерді қалпына келтіруде, сондай-ақ цианобактериялардың физиологиясы, экологиясы және биотехнологиясы саласындағы іргелі ғылыми зерттеулерде қолдануға перспективалы.