Қазақстандық фототрофты микроорганизмдер дақылдарының коллекциясы
← Артқа
QCCPM-CY-071

Trichormus sp.

Cyanobacteriota › Cyanophyceae › Nostocales › Nostocaceae › Trichormus

Сипаттамасы

Қабылдау және бөліп алу тарихы

  • Шыққан елі: Қазақстан Республикасы.
  • Оқшаулау орны: Бақанас ауылының күріш алқабы, Балқаш ауданы, Алматы облысы.
  • Тіршілік ету ортасы: күріш алқабы.
  • Бөліп алғандар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері (жетекшісі: Ф.К. Сәрсекеева).
  • Коллекцияға енгізілген жылы: 2025.
  • Бөліп алу тәсілі: табиғи үлгінің жинақтау әдісімен алынған дақылды микробиологиялық әдіспен біртіндеп себу арқылы бөліп алынды.
  • Генетикалық ерекшеліктері: Табиғи түр
  • Дақылдың жағдайы: аксенді.

Морфологиясы мен құрылымы

Ұйымдасу типі бойынша – көпжасушалы, жіптәрізді, тармақталмаған трихомды, гетероцисталы цианобактерия. Трихомдары түзу немесе сәл иілген, жасушалары негізінен цилиндр тәрізді немесе бөшке тәрізді, көк-жасыл түсті, шырышты қабықшамен қапталған. Гетероцисталар мен акинеттер түзеді. Вегетативті жасушаларының диаметрі 4,0–8,0 мкм.

Өсіру жағдайлары

  • қоректік орталар: BG-11, BG-11₀ (азотсыз), Тамия, Заррук (сұйық және агарланған)
  • температурасы – 25 ± 2 °C
  • жарық қарқындылығы – 30–40 мкмоль фотон/м²/с
  • жарық режимі – 16:8 сағ (жарық/қараңғылық)
  • pH – 7,0–7,5.

Физиологиялық ерекшеліктері

Мезофильді, фотоавтотрофты, азотфиксациялаушы гетероцисталы штамм. Байланысқан азот жоқ жағдайда өсіп, гетероцисталар түзу және атмосфералық азотты фиксациялау қабілетіне ие.

Ұзақ мерзімді сақтау шарттары

агарланған BG-11 қоректік ортасында 4–12 °C температурада және әлсіз жарық жағдайында 10–20 мкмоль фотон/м²/с сақталады. Қайта себу әр 2–3 ай сайын жүргізіледі. Ұзақ мерзімді сақтау үшін криопротекторларды пайдалана отырып, −80 °C температурада немесе сұйық азотта криоконсервациялау ұсынылады.

Қолданылу аясы

AP26101745 «Ауыл шаруашылығында органикалық тыңайтқыштар мен биостимуляторлар алу үшін цианобактерия штаммдарын қолдану» ғылыми жобасы аясында штаммның биотыңайтқыштар мен өсімдіктердің өсуін ынталандыратын биостимуляторларды өндіруде, атмосфералық азотты биологиялық фиксациялауда, топырақ құнарлылығын арттыруда, деградацияға ұшыраған агроэкожүйелерді қалпына келтіруде, сондай-ақ цианобактериялардың физиологиясы, экологиясы және биотехнологиясы саласындағы іргелі ғылыми зерттеулерде қолдануға перспективалы.